23 шілде 2020 | 17:59

Түркістан облысындағы қақтығыстың мән-жайы анықталды

Видео кадры

Полиция өкілдері Түркістан облысы Шорнақ аулындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полиция өкілдері Түркістан облысы Шорнақ аулындағы қақтығысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тәртіп сақшылары қақтығыстың тууына 21 шілде Шорнақ аулындағы тұрғындарының жанжалдасуы себеп болғанын айтты. 

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, қақтығыстан кейін белгісіз біреулер жанжалға қатысқандардың бірінің үйіне және туыстарына тас лақтыра бастаған. 

Сол кезде оқиға орнына Кентау қаласының учаскелік полицейі келген. Ол жарақат алған. Айта кетейік, әлеуметтік желіде оқиға орнынан видео тараған. Полицей беті және киімі қан болған.  

"Аталған ақпаратты алысымен оқиға орнына алғашқылардың бірі болып, осы аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев жеткен. Ол ауыл тұрғындары арасындағы түсінбеушілікті тоқтатқан. Тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген. Осылайша учаскелік полиция инспекторының жедел әрекет етіп, дұрыс жұмыс жүргізгенінің арқасында дау-дамай, бұзақылық тоқтап, адам шығыны болмаған. Алайда, өз қызметін атқару барысында полицей күдіктілер атқан тастан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген және оған медициналық көмек көрсетілген", - дейді полиция өкілдері. 

Артынша әлеуметтік желіде адам көп жиналған жерден видео тарады. Видео авторы оқиға Шорнақ аулында болғанын айтқан. 

Полиция өкілдері келесі күні адамдар жиналып, мәселені шешпек болғанын айтады.   

"Аталған дерек бойынша полицейлер жедел әрекет етті. Қазіргі сәтте ауылдағы жағдай тұрақты. Ауыл тұрғындарымен әкімдік өкілдері кездесті. 

Полиция өкілдері жүргізген тексеріс барысында төрт адамды анықтап, ұстады. Оның екеуі күдікті. Бүгінде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная