ПОДЕЛИТЬСЯ
20 шілде 2021 | 13:04
Түркістан облысындағы карантин бойынша жаңа қаулы шықты
Түркістан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысы бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде профилактикалық вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде COVID-19 вакцинасының екінші компонентін салуды ұйымдастыру", - делінген қаулыда.
Сондай-ақ, қаулыда COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмыс істеуге шектеу қойылған.
Өзгерістерге сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс кестесі мынадай:
- Қоғамдық тамақтану нысандары: сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін, толымдылығы 50 пайызға дейін, бірақ 50 орыннан артық емес. Олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылды.
- Жазғы алаңдар сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, бірақ 50 орыннан аспайды (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Фуд-корттар сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін, бірақ 30 орыннан артық емес (20 пайыз) (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Банкет залдары (ас беру, мейрамханалар мен дәмханалар типі бойынша қызмет көрсету) – сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін бір адамға 4 шаршы метрден кем емес, бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген кезде (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтатылады).
- Сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтар, йога-орталықтар сенбі және жексенбі күндері жұмыс істейді.
- Мәдениет нысандары (дайындық) - 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонент салдырған (сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтату).
- Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары мен филармониялар толымдылығы 30 пайыздан аспайтын уақытта жұмыс істей алады, сенбі және жексенбі күндері олар жұмысын тоқтата тұрады. Бильярд бөлмелері 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істей алады (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).
- PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар 12:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимімен 30 пайыздан аспайтын келушімен жұмыс істейді (олардың жұмысы сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады).
- Боулинг клубтары да 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жұмыс істейді, жұмыс режимі сағат 12:00-ден 24:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
- Караоке-клубтарға сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі, бірақ 30 адамнан аспауы керек (сенбі және жексенбі күндері жұмыс тоқтайды).
Қаулы 2021 жылғы 22 шілдеде түнгі сағат он екіден бастап күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінін мына жерден көре аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также