Түркістан облысындағы өрт: 12 адам қаза тапқан, оның тоғызы балалар

Дина Шарипханова Корреспондент
Түркістан облысындағы өрт: 12 адам қаза тапқан, оның тоғызы балалар Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, 18 қарашада таңертең Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Реклама
Реклама

Өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде үй толықтай өртке оранған.

"Барлау және өртті сөндіру кезінде үйден ес-түссіз күйде жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Іштен тоғыз баланы қоса алғанда, 12 адам өлі табылды", – делінген хабарламада.

Көршілердің айтуынша, өрт шыққан кезде үйде қонақтар болған, себебі алдыңғы күні үй иелері отбасылық шара ұйымдастырған.

360 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама