09 мамыр 2020 | 14:44

Түркістан облысындағы ТЖ: 4 миллиард теңге шығын келген

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі - 7639 гектар ауыл шаруашылығы жері зақымданған. Ал мал шығыны - 297. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі - 7639 гектар ауыл шаруашылығы жері зақымданған. Ал мал шығыны - 297. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауданда 11 елдімекеннің егістіктері зақымданған. Жалпы 1 мыңнан астам ауылшаруашылығы тауар өндірушілер тізімі жасақталды. Біз 7639 гектар егістік шығынын 4 миллиард 1 миллион теңге көлемінде есептеп, Үкіметке ұсындық. Комиссия шешімі бойынша әр дақыл түріне орай өтемақы жасалады. Ал ветеринариялық жағдай бойынша 297 мал зардап шеккен: 58 бас сиыр, 227 қой-ешкі, 16 жылқы, 2 түйе және 227 үй құстары суға аққан. Барлығын жою жұмыстары жүріп жатыр. Мал шығынын өтеу үшін нарықтағы баға бойынша 32 миллион теңге шығынды есептеп, Үкіметке ұсынып отырмыз", - деді басқарма басшысы.

Реклама
Реклама

Басқарма мамандары өлген әр малдың фотосын түсіріп, актісін дайындап жатыр. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатын азаматтардың жеке шоттарына аударылады. Қосымша шот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы мамандар келіп, жердің құрамын, зақымданған күйін тексереді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная