01 қыркүйек 2024 | 11:47

Түркістан: Түлкібаста 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында Түлкібас ауданында 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа оқу жылы қарсаңында Түлкібас ауданында 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Білім ошағының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пен аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов қатысып, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі.

"Өздеріңіз білесіздер, соңғы жылдары елімізде Президентіміздің бастамасымен білім саласына ерекше көңіл бөлініп отыр. Соның ішінде өңірімізде қазіргі таңда 49 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 29-ы "Жайлы мектеп" болса, 20-сы арнайы қордың есебінен өңірдің мектеп қажет ететін аудан, қалаларында құрылысы белсенді іске асуда. Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен балалардың алаңсыз білім алуына бар жағдай жасалып отыр. Биылғы жылдың соңына дейін аталған 49 мектептің 42-сі пайдалануға беріледі. Бүгін лентасы қиылып отырған 300 орындық Бақыбек мектебінен талантты шәкірттер тәрбиеленіп шығарына сенім мол", – деді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы.

Реклама
Реклама

Майлыкент ауылдық округіне қарасты, Бақыбек мөлтек ауданында 50 орындық саманнан салынған "Кезең" бастауыш мектебі жұмыс жасап келген. Жаңадан үйлер бой көтеріп, халық санының күн санап өсуіне байланысты жалпы білім беретін мектеп ашу қажеттілігі туындаған. Енді мектеп ғимараты өз алдына жаңа мектеп болып ашылуда.

Мектептің мектепалды даярлық және 1-11 сыныптың оқу бағдарламаларын оқытуға барлық мүмкіндігі бар. Оқушылардың білім алуына зертханалық кабинеттер, спорт залы, бастапқы әскери дайындық кабинеттерімен толық жабдықталған. Сонымен қатар, химия, биология, физика, информатика ұлдарға және қыздарға арналған (шеберхана) технология кабинеттері талапқа сәйкес.

Оқушылардың тамақтануына арналған типтік үлгідегі асхана 100 орындықпен қамтылған. 24 оқу кабинеті бар. Оның бірінші қабатында 9 бастауыш сыныпқа арналған, екінші қабатта 5, ал үшінші қабатында 7 оқу кабинеті бар. Сонымен қатар, 2 зертханалық кабинет, 1 бастапқы әскери дайындық кабинеті, 6 информатика, 4 технология пәнінің практикалық, саз балшық, өнер пәніне арналған кабинеттері бар. Барлығы толығымен жабдықталған.

Білім ошағында кітапхана мен 2 медициналық кабинет, спорт зал және мектеп ауласында футбол, баскетбол және волейбол алаңы бар. Мектептің сыйымдылығы 300 балаға дейін қамтуға мүмкіндігі бар. Мектепте жеделсаты жұмыс жасайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram