ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2020 | 17:15
Түркістан туралы тезірек айту керек - Назарбаев
Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда саммит, музыкалық фестиваль және жастар форумын өткізу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанда саммит, музыкалық фестиваль және жастар форумын өткізу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін біз Түркістандағы жаңа нысандармен таныстық. Бұл нысандар қаланың көрікті орнына айналып, қала тұрғындарын, қазақстандықтар мен әлемдік туристерді тартуға мүмкіндік береді. Түркістандағы ауқымды құрылыс Қазақстандағы халық тығыз қоныстанған өңірдің дамуына жаңа экономикалық серпін береді. Қаланың 163 ірі нысанының құрылысына 450 миллиард теңге тікелей инвестиция тартылды, бұл жеке сектордың жартысы (...).
Соңғы жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер саны 20 пайызға артты (...). 2020 жылдың қорытындысы бойынша қалада 750 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұны ешкім армандай алмаған еді. Біз ғасырлар бойы ешкім істемеген жұмысты істеп жатырмыз. Қаланың жаңа мәртебесі бүкіл интеграцияның жаңа платформасы болып саналады", - деді Назарбаев Түркістанда өткен жиында журналистерге.
Сондай-ақ, Елбасы Түркістанды ірі жиындар өтетінін атап өтті.
"Мен мұнда саммит болады деп ойлағамын. Алайда әлемдегі жағдайға байланысты ол кейінге қалдырылды. Егер бәрі жақсы болса, біз наурызға қарай осы саммитті өткіземіз", - деді Қазақстанның тұңғыш Президенті.
Сонымен қатар, Назарбаев қала тұрғындар үшін қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.
"Біз мұнда ЕАЭО мемлекеттері басшыларының саммитін және Ресей - Қазақстан өңіраралық саммитін өткізуге дайындалуымыз керек. Мұнда жыл сайын музыкалық фестивальдер, жастар форумдарын өткізу қажет. Түркістан туралы тезірек айтып, дайындалу керек. Бұл - тарихи қала, түркілердің қаласы", - деп түйіндеді сөзін Елбасы.
"Ауырып шықтым, ешкімге тілемеймін". Назарбаев коронавирус туралы
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также