ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2021 | 22:08
Түркістанда бір отбасындағы бес адам неден қайтыс болғаны анықталды
Түркістанда бір отбасы неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігі өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістанда бір отбасы неден қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімдігі өкілдеріне сілтеме жасап.
"Бүгін Түркістан қаласында қайғылы жағдай болды. Бір отбасының бес мүшесі иіс тиіп қайтыс болды. Зардап шеккен отбасына қажетті психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі. Мәселе менің жеке бақылауымда. Мен қайтыс болған отбасының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!", - делінген Өмірзақ Шүкеевтің сөзінде.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылғаны айтылады.
"Сондай-ақ Төтенше жағдай департаментіне қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, барлық жерде жылыту жүйелерін тексеруді және жылыту жүйелерімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым", - делінген облыс әкімінің жазбасында.
Еске салайық, мұның алдында Түркістанда бір отбасының 5 адамы қаза болғаны хабарланған еді.
"2021 жылғы 27 ақпанда сағат 18.35-те Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің "103" пультіне Түркістан қаласында жеке тұрғын үйінде көршілермен өмір белгілері жоқ 5 адам, оның ішінде 4 кәмелетке толмаған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Үйде өрт белгілері табылған жоқ. Үйде табиғи газбен жылыту орнатылған", - делінген еді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарламасында.
"Оқиға орнына ТЖД (6 қызметкер, 2 дана техника), ПД (15 қызметкер және 4 дана техника), жедел медициналық көмек ауруханасы (3 қызметкер және 1 дана техника), "ҚазТрансГаз" АҚ (3 қызметкер және 1 дана техника) қызметкерлері шықты", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері газ жабдықтарын пайдалану бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также