ПОДЕЛИТЬСЯ
24 сәуір 2021 | 16:21
Түркістанда жаңа театрдың мұнарасы желден қирап жатыр
Түркістанда "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешеніндегі жаңа "Алтын Самұрық" театрының ғимараты бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістанда "Керуен-сарай" көпфункционалды туристік кешеніндегі жаңа "Алтын Самұрық" театрының ғимараты бұзылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде нысан мұнарасының кейбір бөлігі қатты желден көтеріле бастағаны түсірілген видео тарады, бір жерлері ұшып та кеткен.
"Керуен-сарай" туристік кешенінің әкімшілігі оқиға 23 сәуірде болғанын айтты.
"Зақымдарды анықтау жұмысы мүмкіндігінше тез жүргізілді, сақтық шаралары қабылданды. Барлық қажет рәсім уақыт жоғалтпай жүргізілді. "Алтын Самұрық" ғимаратымыздағы бұзылған жерлер бір күнде жойылып, қайтадан пайдалануға берілді. Болашақта мұндай жағдайды болдырмау үшін бақылау жалғасады", - деді компания өкілдері.
10 сәуірде Түркістанда Орталық Азиядағы аса ірі көпфункционалды "Керуен-сарай" туристік кешенінің ашылу салтанаты өтті. Инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City компаниясы іске асырды. Кешеннің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталған. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы "Әзірет Сұлтан" мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 гектар аумақта орналасқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также