10 желтоқсан 2021 | 09:12

Түркістанда жанармай тапшылығы туындады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Түркістанда жанармайға қатысты шу шықты. Ол тек ірі жанармай құю станцияларында ғана қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда жанармайға қатысты шу шықты. Ол тек ірі жанармай құю станцияларында ғана қолжетімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Түркістан қаласындағы жанармай тапшылығы жанармай бекеттерінің алдында көліктерді сағаттап тұрғызып қойды. Ал қалың көліктің арасында қаңсып, жанармайға жете алмай қаз-қатар тізілген жедел жәрдем көліктері тұрғындарды алаңдатты. Оның үстіне, жанармай тек талон бойынша беріледі, қолма-қол сатылмайды.

"АИ-92-ні тек талонмен алуға болады, жанармай құю бекеттерінде қолма-қол ақша қабылданбайды. Неге бұлай? Түсінбедім. Талондарды қайдан алуға болады? Ешбір компанияда жүргізуші болып жұмыс істемеймін", -  дейді Түркістан қаласының тұрғыны Қамбар Балқыбеков.

Реклама
Реклама

Жағдайға қатысты облыс әкімдігі өңірдегі жанармай тапшылығы Павлодар зауытының уақытша жөндеу жұмыстарына  тікелей байланысты екенін айтты. Олар мәселені бірнеше күнде шешуге уәде беріп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная