Түркістанда жиһаз цехынан өрт шығып, оны сөндірмек болған жұмысшылар зардап шекті

ТЖМ кадры

Түркістанда жиһаз цехында өрт шықты. Жалын 1150 шаршы метр аумақты шарпыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Түркістанда жиһаз цехында өрт шықты. Жалын 1150 шаршы метр аумақты шарпыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жиһаз цехындағы өрт 11:12 шамасында шыққан. Өртті өз бетімен сөндіру кезінде цехтың екі жұмысшысы зардап шегіп, қалалық ауруханаға жеткізілгені айтылды.

Өрт орнына 10 техника барған. Сағат 12:10-да өрт оқшауланып, көп ұзамай сөндірілді. Өрт аумағы 1150 шаршы метр болады. Шығу себептері анықталып жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама