Түркістанда жоғалып кеткен екі оқушы қыз үш күн бойы іздестірілді

Дина Шарипханова Корреспондент
Түркістанда жоғалып кеткен екі оқушы қыз үш күн бойы іздестірілді Фото:polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған екі жасөспірім қызды іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысының полицейлері жоғалған екі жасөспірім қызды іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұраған. Көрші тұратын жалғызбасты екі ананың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтарда үйлерінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

"Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Із-түзсіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақүйлер тексерілді. Сондай-ақ, Түркістан облысы ПД-ға қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылған. Олар облыс орталығындағы 1-мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерден табылған.

Осылайша, дін-аман табылған оқушы қыздар, отбасына қайтарылған. Екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнегені белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама