ПОДЕЛИТЬСЯ
19 мамыр 2019 | 09:12
Түркістанда салынатын халықаралық әуежайдың сызбасы көрсетіліп, бағасы айтылды
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласының құрылыс жұмыстарын уақытылы іске асыру және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Түркістан қаласының құрылыс жұмыстарын уақытылы іске асыру және өңірдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету барысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Үкіметінің басшысы облыс орталығына келген бойда TurkistanInternationalAirport халықаралық әуежайының құрылысының орнына капсула салу рәсіміне қатысты. Жоба YDA Holding түрік компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады, тартылатын инвестициялар көлемі 70 миллион доллардан асады.
© Азаматтық авиация комитеті
YDA Holding басқарма төрағасы Арслан Хусейн әуежайдың халықаралық стандарттарға сай жобаланатынын және соңғы шыққан құрылыс технологияларын пайдаланыла отырып жүзеге асырылатынын айтты. Терминалдың өткізу қабілеті жылына 3 миллион жолаушыны қамтиды. Нысанды 2020 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген.
Жұмыс сапары аясында әлеуметтік нысандар мен әкімшілік мақсаттағы ғимараттарды салу барысы қаралды, олардың қатарында оқушылар сарайы, туристік бағыттағы колледж, спорт және музыка мектептері, спорт сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, аттракциондары бар парк, музыкалық фонтан, амфитеатр, сондай-ақ, облыстық әкімдік, медиа-орталық және конгресс холл бар.
Қаланың тарихи-мәдени орталығында Қ.А. Яссауи музейін, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананы, шығыс моншасын салу және визит-орталығының ғимаратын реконструкциялау жұмыстары тексерілді.
Сонымен қатар, премьер-министр Асқар Мамин саябақ пен "Нұр-Сұлтан" алаңының, Неке сарайының, Rixos Turkestan қонақ үйінің құрылысы басталған алаңдарды барып көрді.
Жаңадан салынып жатқан ғимараттарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Түркістан қаласында "Яссы" шағын станциясы салынатын болады. Қазіргі таңда оның іргетасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Асқар Маминге нысанды 2020 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беру көзделіп отырғаны баяндалды.
Қаладағы жолдар сапасын жақсарту және көшелерін абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.
ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің Түркістан облысына жұмыс сапары аясында жалпы сомасы 1,97 миллиард долларға бағаланған 5 құжатқа қол қойылды:
1. Түркістан облысының әкімдігі мен "Эко-культура" ресейлік компаниясы арасындағы 1,1 миллиард сомасына Келес ауданында ауданы 500 гектар болатын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасында 524 миллион доллар сомасына "Түркістан" индустриялық аймағында энергетикалық жабдық пен бұйымдар шығару бойынша Қазақстан – Қытай индустриялық паркін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
3. ҚР Энергетика министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі және KAZAKHSTAN CHN-KZ ELECTRIC INDUSTRIAL PARK GROUP қытай компаниясы арасындағы $225 миллион сомасына Кентау қаласында қуаттылығы 200 мВт болатын "Қотырбұлақ" жел электр станциясы мен күн электр станциясын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Түркістан облысының әкімдігі мен "KazPV LTD" ЖШС арасындағы 100 миллион доллар сомасына, қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын, қуаттылығы 100 мВт болатын күн электр станцияларын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы 27 миллион доллар сомасына Сайрам ауданында аумағы 21 гектар болатын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.
Показать комментарии
Читайте также