12 қыркүйек 2024 | 20:28

Түркістанда салынып жатқан “Жайлы мектептердің” құрылыс барысы тексерілді

Түркістан облысында білім беру мекемелерінің ғимараттарын салу жұмысы өте қарқынды жүріп жатыр. Өңірде 21 білім нысанының құрылысы қолға алынып, оның 4-еуі тапсырылған. Жыл соңына дейін 10 білім нысаны тапсырылады, 7-еуі келесі жылға өтпелі. Сонымен бірге «Жайлы мектеп» жобасы да сәтті жүзеге асырылуда. Осы жоба арқылы 63 мектеп салу көзделген. Оның 29-ының құрылысы аяқталуға жақын.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында салынып жатқан «Жайлы мектептердің» құрылыс барысын қадағалап, мердігер мен жауапты басшыларға жұмысты ширатуды тапсырды.

Реклама
Реклама

Жаңа қала аумағында 2 мектеп бой көтеруде. Сонымен бірге «Яссы» шағынауданында 1200 орындық білім ошағы салынып жатыр. Құрылысы 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысанды биыл жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Облыс әкімі жұмысты жеделдету, құрылысшылар санын көбейту, білім ұясын талапқа сай салу жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге бұл білім ұяларын білікті ұстаздармен қамту мәселесі де назарда тұруы керектігін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram