11 мамыр 2019 | 10:27

Түркістандағы жәрмеңкеде 20-дан аса тауар өндірушінің өнімдері қойылды

Бүгінде тұтынушылар жергілікті өнімді тұтынады. Дәмді әрі бағасы да арзан тауарды сатып алушылары да басым. Таяуда Түркістанда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жаймаға қойылған өнімдердің басым бөлігі де отандық тауарлар болды. Жәрмеңкеге бес ауданнан арнайы ат арытып келген 20-дан аса тауар өндіруші өнімдерін ұсынды, - деп хабарлайды "Отырар"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде тұтынушылар жергілікті өнімді тұтынады. Дәмді әрі бағасы да арзан тауарды сатып алушылары да басым. Таяуда Түркістанда азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жаймаға қойылған өнімдердің басым бөлігі де отандық тауарлар болды. Жәрмеңкеге бес ауданнан арнайы ат арытып келген 20-дан аса тауар өндіруші өнімдерін ұсынды, - деп хабарлайды "Отырар"

Базардағы бағадан әлдеқайда арзанырақ болған жәрмеңкеге келушілердің де қарасы қалың болды. Көкөніс, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, бал мен жеміс-жидектер сатылымға шығарылды. Бүгінде жергілікті қызанақ пен қияр да пісіп үлгерді. Қыс бойы 500-700 теңгеден түспеген көкөніс бүгінде арзандаған. Қызанақ - 500 теңге, қияр 200 теңге. Кейде базар бағамына қарай қияр 100 теңгеден де саудаланып жатыр

Реклама
Реклама

Жәрмеңкеде азық-түліктер өнімдері базардағы бағадан 10-15 пайызға арзан сатылды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная