ПОДЕЛИТЬСЯ
23 наурыз 2021 | 12:16
Түркістандағы Түркі кеңесінің саммиті коронавирусқа байланысты онлайн өтеді
Түркі кеңесінің бейресми саммиті коронавирусқа байланысты бейнеконференция режимінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркі кеңесінің бейресми саммиті коронавирусқа байланысты бейнеконференция режимінде өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан тарапы 31 наурызға жоспарланған Түркі кеңесінің бейресми Саммитін Түркістан қаласында бейнеконференция режимінде өткізу туралы шешім қабылдады. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің хатшылығы бұл шешім туралы ресми түрде хабардар етілді", - деп хабарлады Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін саммитке Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне мүше мемлекеттердің барлық басшысы мен осы ұйым бақылаушысы Венгрияның премьер-министрі қатысатыны хабарланған.
Саммит қорытындысы бойынша, Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп жариялайтын декларацияға қол қойылады деп күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также