Түркістандық оқушылар халықаралық олимпиадада топ жарды

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті.

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті.

Білім бәйгесіне әлемнің 12 мемлекетінен үздік оқушылар қатысты. Аталған олимпиадаға Түркістан облысы Жетісай ауданының "Smart English" орталығынан 14 оқушы қатысып, Франция, БАӘ, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия сынды мемлекеттерден келген жастармен бақ сынасты.

Реклама
Реклама

Халықаралық деңгейде өткен байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.

Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова, Нұрислам Жора, Асылзат Беркімбай - 1 орынға жайғасса, Мұхаммед Шалқаров, Мұстафа Болыс, Нәила Азимова - күміс жүлдені қоржынға салды.

Ал, Мұхаммеджан Болыс, Санжар Әбдіғаппар, Мадияр Орынбай, Сезім Дүйсенбай, Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ, жетісайлық Інжу Жандарбек халықаралық білім бәйгесінің "Супер чемпионы" атанды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама