18 мамыр 2022 | 13:08

Түркістандық тұрғын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғаны расталды

© elements.envato.com

Шымкентте әйел Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғаны расталды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте әйел Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырғаны расталды, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарына қарағанда, Конго-Қырым қызбасын жұқтырған әйел 46 жаста. Ол Түркістан облысы Бәйдібек ауданында тұрады. 

Әйел "Асқазан-ішек жолдарынан қан кету. Симптомдар қатты білінуі" диагнозымен облыстық клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жүгінген. Сол күні науқас "КҚГҚ ықтимал жағдай" диагнозымен Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылған. Бүгін бұл диагноз расталды. 

Реклама
Реклама

Қазір науқастың жалпы жағдайы ауыр, бұл интоксикация мен геморрагиялық синдромға байланысты. Әйел оқшауланған және жансақтау бөлімінде жатыр.

Әйелмен байланыста болған 15 адам анықталды, оның ішінде 9-ы - медицина қызметкерлері. Олардың бәрі медициналық бақылауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная