Түркістандықтар мектептің апат жағдайына шағымданды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
"Астана" телеарнасының видеосынан алынған кадр

Түркістандықтар 13 жыл бұрын салынған мектептің апат жағдайына шағымданды. Олардың айтуынша, оқу орнының қабырғалары жарылып, едендері бүлініп, төбесінен су ағып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Өңірге келген Мәжіліс депутаттары мәселені шешуге уәде берді. Олар ғимараттың басындағы сапасы мен болашақтағы жөндеу туралы сұрақ қойды. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен 675 миллион теңге бөлінуі қажет болғаны анықталды. Алайда бұл сома бөлінбеген.

"Мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды. Бұл ғимараттың құрылысына жауапты адамдар жауапкершілікке тартылуы керек деп санаймыз. Олардың бұл әрекетін бүкіл ел білуі керек. Жұмысқа деген бұл көзқарасты тек осылай жоюға болады", - деді Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама