01 қараша 2018 | 12:51

Түркістанға келген миллионыншы туриске облыс әкімі тайқазан сыйлады

© Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін Түркістан қаласына миллионыншы турист келді. АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Түркістан қаласына миллионыншы турист келді. АҚШ-тың Солтүстік Королина штатынан келген ерлі-зайыпты Уильям және Барбара Брэнчтерді Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ясауи кесенесі алдында күтіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізге алғаш келіп отырған Уильям Брэнч Америка азаматтары Орта Азия елдері ішінде Түркістанға жиі келетіндерін жеткізді.

Реклама
Реклама

"Түркістан - Орта Азия мемлекеттері ішіндегі тарихқа бай, киелі мекендердің бірі. Біздің елдің азаматтары осы қасиетті қалаға жиі келеді. Біз Түркістан қаласы мен Ясауидің тарихы менхабардармыз. Қазақстанға, Түркістан өңіріне келгелі қазақ халқының қонақжайлығы мен дарқандығына куә болдық. АҚШ-қа барғаннан кейін ондағы отандастарымызға осы құндылықтарыңызды жеткізіп, келесі жылы арнайы тағы ат басын бұрамыз", - деді Уильям Брэнч.

Аймақ басшысы облыс орталығына келген миллионыншы қонақтарды құттықтап, ұлттық шапан кигізіп, қамшы, тайқазан сыйлады. Сондай-ақ, Түркістан өңірінде туризм әлеуетін арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

"Сіздерді қасиетті қаламыздың миллионыншы турисі болғандырыңызбен құттықтаймын. Бұл біздер үшін қуаныш. Мәселен, дәл бүгін Түркістан қаласына келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, өткен жылдың дәл осы кезімен салыстырғанда 57,2 пайызға артып отыр. Сонымен қатар, өңірде туризмді дамыту үшін жүйелі бағдарламалар даярладық. Алдағы уақытта келушілер саны тағы арта түседі деп жоспарлап отырмыз", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

Бұдан өзге, орналастыру орындары мен көрсетілген қызмет көлемі 2018 жылғы қаңтар-маусым аралығында 543,7 миллион теңгеге жетіп, 2017 жылдың 6 айымен салыстырғанда өсу қарқыны 16,8 пайызға өскен. Сондай-ақ, Қазақстанның туристификациялау картасының республикалық маңызы бар ТОП-10 нысанына облыстан "ӘзіретСұлтан" қорық-мұражайы енгізілген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная