Тұрлыханов ұлының әскери қызметтен босатылғаннан кейінгі жоспары туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: uww.asia, видео кадры

Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы әскери қызметтен босатылғаннан кейін немен айналысатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгілі спортшы, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы әскери қызметтен босатылғаннан кейін немен айналысатыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, оның ұлы демобилизациядан кейін оқиды. Бұл ретте депутат баласының қашан босатылатынын білмейтінін айтты.

"Оқу керек", - деп жауап берді Тұрлыханов мәжіліс кулуарында журналистің сұрағына.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, мәжілісменнің айтуынша, кіші Тұрлыханов сот тағайындаған 1,7 миллион теңге айыппұлды әлі төлемеген.

Еске сала кетейік, оқиға биыл 11 ақпанына қараған түні Алматыда болған. Нұрасыл Болат ерлі-зайыпты Чернов пен Дмитриевичті соққыға жыққан. Кейін Тұрлыхановтың ұлы мерзімді қызметте екені белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама