ПОДЕЛИТЬСЯ
15 тамыз 2024 | 08:35
Тұрлыхановтың ұлына қатысты дау: ҚАЖК қызметтік тексеруді бастады
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі БАҚ беттерінде пайда болған бас бостандығын шектеуге сотталған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі БАҚ беттерінде пайда болған бас бостандығын шектеуге сотталған депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты оқиғаға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2023 жылы 9 қазанда әскери сот Нұрасыл Болат айыппұлын тағайындады. Істі апелляциялық сотта және Жоғарғы сотта қарағаннан кейін үкім биыл 14 мамырда екі жылдық мерзімге бас бостандығын шектеуге өзгертілді.
Сотталғанды есепке қою рәсімі тұрғылықты мекенжайын қоса алғанда, барлық қажетті құжатты ұсынуды талап етеді. Біз пробация қызметіне үкім шығарудың кешігуіне әкеп соқтырған ұйымдастырушылық кемшіліктер болғанын мойындаймыз. Үкім 14 тамызда Алматы қаласының ҚАЖД-не келіп түсті. Сол күні Нұрасыл Болат Медеу ауданының пробация қызметінің есебіне қойылып, сот белгілеген шектеулермен танысты.
Қазіргі уақытта бұл жағдай мұқият талданып жатыр. Қызметтік тексеру басталды және оның нәтижелері бойынша барлық жауапты тұлға қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Ішкі істер министрлігі болашақта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында бұл мәселені жеке өзі бақылайды", - деп хабарлады ҚАЖК.
Бұған дейін Қазақстандық заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде бостандығын шектеуге үкім шығарылған Нұрасыл Болаттың түнде Алматыдағы көшеде достарымен бірге жүргені көрсетілген видео жариялады.
"Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген, бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған, 23.00-де ол үйде болуы керек. Сонымен қатар, оның тіркелген жері, пробация да Астана қаласында, ал видео түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также