Түрмеде Ермегияевтің арнайы кабинеті болған - Бас прокуратура

Түрмеде Ермегияевтің арнайы кабинеті болған - Бас прокуратура © Тұрар Қазанғапов

?Р Бас прокуратурасы К?шіне енген ?кімдерді? за?дылы?ын ж?не оларды? орындалуын ?ада?алау ?ызметіні? басшысы ?айрат Жа?ыпбаев "Астана ЭКСПО-2017" бас?арма экс-т?ра?асы Тал?ат Ермегияевті? колонияда?ы "жайлы жа?дайы" туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Бас прокуратурасы Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің басшысы Қайрат Жақыпбаев "Астана ЭКСПО-2017" басқарма экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің колониядағы "жайлы жағдайы" туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ермегияевқа қатысты дерек бойынша, ол жерде VIP-камера деген болмаған, өндірістік аймақта жұмыс уақытына арналған кабинет жасақталған. Түнде ол камерасында жазасын өтеген, ал күндіз оған кей жеңілдіктер жасалған. Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, қызметкерлер жұмысынан босатылды. ІІМ-де ауқымды тексеріс жүргізілді, 16 лауазымды тұлға жазаланды, екеуі жұмыстан босатылды", - дейді Жақыпбаев ведомствода өткен баспасөз мәслихаты кезінде. 

Оның сөзінше, тергеу қорытындысына қатысты Қазақстан бойынша тексеріс жүргізілді. 

Реклама
Реклама

"Қаңтарда барлық мекемені тексеруден өткіздік. Бұған ұқсас жағдай болған жоқ. Дегенмен кей адамдардан телефон, тұрмыстық техника, жиһаз сияқты дүниелер тәркіленді. Қазір мұндайды бақылуда ұстап отырмыз, ары қарай да тексеріп тұрамыз", - дейді ведомство өкілі. 

Мұның алдында ІІМ өкілдері Астана іргесіндегі ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде Ермегияевқа жайлы жағдай жасаған лауазымды тұлғалардың жазаланғанын мәлімдеген. 

Еске салайық, 2016 жылдың маусымында "Астана ЭКСПО-2017" басқармасының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев аса ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама