05 қараша 2023 09:16

"Тұшпара пісіріп жатып ұйықтап қалған". Жітіқарада көпқабатты үйде өрт шыға жаздаған

видео кадры

Жітіқарада полицейлер көпқабатты үйдегі өрттің алдын алды. Полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің арқасында пәтердің өртенуіне жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жітіқарада полицейлер көпқабатты үйдегі өрттің алдын алды. Полиция қызметкерлерінің әрекеттерінің арқасында пәтердің өртенуіне жол берілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

2 қарашада таңғы сағат 5 шамасында жедел кезекшіден полицияның барлық патрульдеріне 5 шағын ауданда пәтерлердің бірінде түтін шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Жақын маңда патрульдік полиция қызметкері Қайрат Исмаилов пен ювеналды полиция қызметкері Қуаныш Тұрабаев болды.

Реклама
Реклама

"Біз дереу осы мекен-жайға барып, терезеден түтін шыққан пәтерді анықтадық. Есікті қағу арқылы ұйықтап жатқан пәтердің иесі бізге есік ашты. Ол кезде үй іші түтінге толы болып, ештене көрінбеді", - деді Қайрат Исмаилов.

27 жастағы жітіқаралық Евгений Жигайлов кешкі сағат 11 шамасында үйіне оралып, тұшпара пісірмек болған. Сол кезде ұйықтап қалған. Оны есікте қағылған дыбыс оятты.

"Полиция қызметкерлері мені оятқан кезде бірден газды өшірдім. Егер олар мені оятпағанда, өміріме қауіп еселене түсетін еді", - деп атап өтті Евгений Жигайлов.

Ер адам тәртіп сақшыларына алғысын білдіріп, бұдан былай мұқият болуға уәде берді. Оқиғадан кейін қызметкерлер Жітіқара қаласында патрульдеу мен қоғамдық тәртіпті қорғауға қайта кірісті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram