23 тамыз 2024 | 10:21

Түсіндіре алмады: қазақстандықтан 10 миллион доллар тәркіленді

Жасанды интеллект

10 миллион доллардан астам байлықты қайдан алғанын дәлелдей алмаған адам оны мемлекетке өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

10 миллион доллардан астам байлықты қайдан алғанын дәлелдей алмаған адам оны мемлекетке өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заң субъектісінің активтерді иемдену көздерінің заңдылығын мониторингілеу және талдау шеңберінде онымен үлестес тұлғаларда пайда болуы түсініксіз активтері анықталды.

Биыл активтерді қайтару жөніндегі комитет 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмады.

Реклама
Реклама

Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрахаттары мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұл жағдайда активтерді мәжбүрлеп қайтару механизмі қолданылғанына қарамастан, активтерді ерікті түрде қайтаруды ынталандыру "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Заңның негізгі қағидаты болып қала береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная