ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2022 | 15:28
Түтінтау: депутат Теміртауға "жаңа атау берді"
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай Теміртау қаласына "жаңа атау берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаты Аманжол Алтай Теміртау қаласына "жаңа атау берді", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжілісмен вице-премьер министр Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында әлемнің төрт құрлығында 18 елде өндірісі бар "АрселорМиттал" компаниялар тобының зиян қалдықтарының шамамен 50 пайызы көмірді пайдаланатын жалғыз кәсіпорын Теміртау комбинатынан екенін мәлімдеді.
"Теміртау қаласындағы ушығып тұрған экологиялық жағдай халықты алаңдатып отыр. Бүгінде Теміртауды Теміртау емес, шын мәнінде Түтінтау деуге болады. Бұл қалада аспаннан жауған аппақ қар қара түске айналып, адамдарды қорқытады", - деді Мәжіліс депутаты.
Депутат вице-премьерден "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бойынша тәуелсіз экологиялық сараптама жүргізуге жәрдемдесуді, заманауи табиғат қорғау нысандарын, автоматты бақылау аспаптарын жаңғыртуды және орнатуды жүргізуді, жұмысшылардың еңбегін қорғауды бақылауды, табиғат қорғау іс-шараларын күшейтуді және кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын арттыру туралы мәселені шешуді сұрады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также