26 қыркүйек 2023 | 09:55

Туыстары келбетін жарақаттаған алматылық қыз адам танымастай өзгерді

Дина Шарипханова Корреспондент
© ktk.kz

Хирургтер өз анасы мен әжесі жарақаттаған 18 жастағы алматылық Диана Ивановаға жаңа келбет сыйлады. Дәрігерлер қызға бірден 10-нан аса ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хирургтер өз анасы мен әжесі жарақаттаған 18 жастағы алматылық Диана Ивановаға жаңа келбет сыйлады. Дәрігерлер қызға бірден 10-нан аса ота жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұл оқиға 12 жыл бұрын Диана бас сүйегінің сынығымен жансақтау бөліміне түскенде қоғамдық резонанс тудырған. Оның мұрны сынған, құлағының бір бөлігі жұлынған, еріндері зақымдалған. Үздіксіз ұрып-соғу салдарынан қыздың бетінде көптеген тыртықтар қалған.

Екі ай бұрын Алматыдағы жеке клиникалардың бірінің дәрігерлері қызға тегін көмек көрсетуге бел буған.

Реклама
Реклама

"Операцияға дейін толқу болды. Операциядан кейін оянғанда бәрі ауырды. Бірақ бәрі тез жазылып кетті, бәрі жақсы. Мен ауруханада төрт күн жаттым-ау деймін, бірақ мен үшін ол өте тез өтті. Үйге барғым келді, үйде тез сауығып кеттім", - деп еске алады науқас.

Операциядан кейінгі қалпына келтіру процесі тағы бір жылға созылады. Осы уақыт ішінде дәрігерлер Диананы бақылайды. Сірә, ауыр медициналық процедуралар енді қажет болмайды. Бойжеткенмен косметологтар да жұмыс істейтін болады.

"Дүйсенбіде мектепке барамын. Достарым көреді, мұғалімдер көреді, олар қуанады. Менде бәрі өзгерді. Достар көбейіп, ортам кеңейді. Операциядан кейін өзімді әлдеқайда сенімді сезіне бастадым", - дейді Диана Иванова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная