06 қаңтар 2023 14:43

Twitter-де деректерге жаппай шабуыл жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

200 миллионнан аса Twitter қолданушысының электрон поштасы ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MARCA-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

200 миллионнан аса Twitter қолданушысының электрон поштасы ұрланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі MARCA-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, деректер хакерлердің онлайн форумында сатылымға шыққан.

"Деректер ұрлануы мақсатты фишингке әкеп соғуы мүмкін", - деді Израильдің киберқауіпсіздікті бақылау фирмасының негізін қалаушы Алон Галь.

Реклама
Реклама

Ол бұл әлеуметтік медиа тарихындағы ең үлкен ақпарат ұрлануы екенін атаған.

Сондай-ақ, бұл жайт 2021 жылы болуы мүмкін екені айтылған. Бірақ ұрланған мәліметтер базасы енді ғана сатылымға шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram