"Тізерлеп отырғызып ұрды: Алматыда соққыға жығылған полицей басынан өткен жағдайды айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Тәртіпсіздік кезінде Алматы қалалық полиция департаментіне қарасты метрополитен полиция бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков қатты соққыға жығылған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Формамды алып өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай - Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды", – деді тәртіп сақшысы.

Қаскөйлер полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерінің айтуынша, оны өзінің әріптестері құтқарып қалған.

"Әріптестеріме рақмет. Қазір сол кісілердің арқасында аман-сау тұрмын. Барлығымыздың анамыз бар. Оларға да оңай емес екен, өз баласын соққының астында көрген", – деп атап өтті ол.

Асыл Дүйсембеков ішкі істер органдарындағы қызметке әкесінің жолын қуып келген. Полицей алдағы уақытта да өз міндетін атқарып, жұмысын жалғастыруды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама