14 маусым 2023 10:45

ҮАААЖ-да тегін жүруге бола ма?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Үлкен Алматы айналма жолымен жүру бірінші айда тегін болады. Бұл туралы "BAKAD Investments and Operations" ЖШС электронды көлік жүйесінің инженері Андрей Осипов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үлкен Алматы айналма жолымен жүру бірінші айда тегін болады. Бұл туралы "BAKAD Investments and Operations" ЖШС электронды көлік жүйесінің инженері Андрей Осипов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын пайдаланғаны үшін төлемдерді нақты есептеу және есептен шығару режимге енгізу туралы бұйрық бекітіліп және күшіне енгеннен кейін дайын болады. Сол сәттен бастап ақшаны есептен шығарып, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жібереміз.

Жоспар бойынша: біз жолды 16-сы пайдалануға береміз, бірақ біз 1-ші күннен бастап жолақысын есептемейміз. Индустрия және инфақұрылымдық даму министрлігі мақұлдағаннан кейін бірден баж салығын енгізу туралы бұйрық заңды күшіне енгеннен кейін бізде жолақы мен қарыздар есептелетін болады", - деп түсіндірді Осипов.

ҮАААЖ бойымен көлік қозғалысы 16 маусымда ашылады деп жоспарланып отыр.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша бір айдан аз уақыт ішінде ҮАААЖ бойымен тегін жүруге болады. Өйткені жолды ақылы режимге көшіру туралы бұйрық барлық уәкілетті органдардың бекітуінің барлық сатыларынан өтеді. Біз пайдаланушыларға ҮАААЖ-на үйренуге мүмкіндік беруіміз керек. Әр пайдаланушы өз траекториясын көруі керек. Айталық, сол жолмен жүрі қаншалықты тиімді немесе тиімсіз екенін. Халық білуі керек, ҮАААЖ-ды пайдалануға болатынын", - деді Андрей Осипов.

Алдын ала төлем жақын арада қолжетімді болады.

"Қазір біз үш банктен - Kaspi, Halyk және BCC төлемдерін қабылдай бастадық. Бұл банктерді пайдаланушылар алдын ала төлем жасап, кейін ақылы жолды пайдаланғаны үшін қарызын өтей алады", - деді маман.

ҮАААЖ ақылы жолымен күніне 40 мыңға жуық автокөлік жүреді деп жоспарланып отыр.

ҮАААЖ бойынша жол жүру тарифтері жүк көтергіштігіне байланысты жеңіл көліктер үшін 0,07 АЕК (241,5 теңге) және жүк көліктері үшін 0,12 АЕК (414 теңге) - 0,72 АЕК (2484 теңге) аралығында болады.

ҮАААЖ өту аймағында - Қарасай, Іле және Талғар өңірлерінде тіркелген автокөлік иелері үшін абоненттік төлем ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram