07 наурыз 2024 | 17:23

Уақыт белдеуінің өзгеруі: жаңа "9-20-25" ипотекасын рәсімдеуде қиындықтар пайда болды

Фото:depositphotos.com

Кейбір қазақстандықтар жаңа "9-20-25" ипотекасын рәсімдеуде қиындықтарға тап болды. Ақау уақыттың бір сағатқа артқа жылжуына байланысты туындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кейбір қазақстандықтар жаңа "9-20-25" ипотекасын рәсімдеуде қиындықтарға тап болды. Ақау уақыттың бір сағатқа артқа жылжуына байланысты туындаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz оқырмандары WhatsApp-нөмірге ипотека алуға қатысты қиындықтар туралы хабарлады. Олардың айтуынша, 1 наурызда жаңа "9-20-25" бағдарламасы іске қосылған. Бірақ бірден қиындықтар туындаған. Олар тым көп өтінішті көтере алмаған болуы мүмкін екенін айтады.

Біз "Отбасы банкіне" сұрау жібердік. Банктің баспасөз қызметі 1 наурызда Blockchain технологиясы бойынша кепіл шарттарын электрон тіркеу қызметінің жұмысында техникалық үзілістер болғанын растады.

Реклама
Реклама

"Blockchain - бұл дербес деректерді тиімді және қауіпсіз сақтауға және өңдеуге арналған сервис. "Отбасы банкке "бұл сервисті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ұсынады. Ақау уақыт белдеуін ауыстырумен байланысты. Ақпараттың үлкен көлеміне байланысты деректерді синхрондау кешіккен. Кепіл шартын тіркеу тек blockchain көмегімен ғана емес, бұл қызметті нотариустан немесе ХҚКО-дан алуға болатындығын атап өткім келеді. 6 наурызда сағат 10:00-де blockchain сервисі өз жұмысын штаттық режимде қайта бастады",-деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, банк олардың порталы ақаусыз жұмыс істейтінін және 5 наурызда кешке 4500 өтінім сәтті қабылданғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная