Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы: ДCМ басшысы мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда уақытша еңбекке жарамсыздық парағын электрон форматқа көшіру туралы бұйрыққа қол қойылған, бірақ бұл процесс кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында Tengrinews.kz тілшісі қазақстандықтар қашаннан бастап уақытша еңбекке жарамсыздық парағын онлайн ала алады деген сұрақ қойды. Министрдің айтуынша, көшу біртіндеп жүзеге асырылып жатыр, бірақ қазір де электрон анықтама сұрауға болады.

"Жалпы, тиісті бұйрыққа қол қойдық, бірақ қазір оны медицина ұйымдары кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Сондықтан әрбір азаматтың өз парағын онлайн түрде талап етуге толық құқығы бар", – деді Әлназарова.

Реклама
Реклама

Министрдің айтуынша, болашақта қағаз түріндегі анықтама мүлдем жойылады.

"Қазір екінші кезеңде – айналымда екі нұсқа қатар жүр: қағаз және электрон. Енді кезең-кезеңімен осы өтпелі кезеңді аяқтап, толықтай онлайн форматқа көшуіміз керек. Бұл үшін біраз уақыт қажет. Бірақ заңнамалық және нормативтік тұрғыдан алғанда, бұл процесті толығымен бекіттік және жүзеге асырып жатырмыз", – деп түсіндірді денсаулық сақтау министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама