“Уақытша шара“ - агенттік өкілі Қазақстанда ипотека беру неге тоқтағаны жайлы

Дина Шарипханова Корреспондент
Midjourney

Қазақстандық банктер ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, бұл уақытша шара және жақын уақытта несие беру қайта басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық банктер ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, бұл уақытша шара және жақын уақытта несие беру қайта басталуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі Мәжіліс кулуарында Қизатовтан бұл жағдайды сұрап білді.

"Қазір ипотека беруді тоқтату - банктер қабылдаған уақытша шара. Қалай болғанда да, ипотека нарықтағы банк өнімі және оны беру немесе бермеу туралы шешімді банктер өздері қабылдайды. Бұл шешімдерге ықпал ете алмаймыз", - деп түсіндірді ол.

Реклама
Реклама

Қизатовтың айтуынша, уақытша шектеу, ең алдымен, базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты.

"Базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты банктер ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатты. Бірақ менің ойымша, олар қазір нарықтағы жағдайды бақылап отыр. Жақын уақытта, ең алдымен, қаржылық жағдайы тұрақты және табысы жеткілікті қарыз алушыларға ипотека беруді біртіндеп қайта бастайды деп ойлаймын. Жалпы алғанда, банктердің ипотека беруді қайта бастауы үшін кедергі көріп тұрған жоқпын", - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Қизатов банктердің бірінде жылдық 25 пайыздық мөлшерлемемен ипотека қайта беріліп жатқаны туралы желідегі ақпаратқа да пікір білдірді.

"Ипотека әу бастан қымбат өнім. Жылдық 25 пайыздық мөлшерлеме, әрине, жоғары және мұндай несие тек табысы жоғары белгілі бір қарыз алушыларға ғана қолжетімді болады. Егер қарыз алушының қазіргі уақытта табысы жеткілікті болса, ипотекалық өнім тұрғысынан банк үшін тәуекел жоқ", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама