Уақытылы жауап бермеген: Ұлытау облысында әкімге айыппұл салынды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлытау облысында ауылдық округ әкіміне 27 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлытау облысында ауылдық округ әкіміне 27 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңаарқа аудандық сотында ауылдық округ әкіміне қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 479-бабымен (Заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынымға уақтылы жауап бермеу) әкімшілік іс қаралған.

"2023 жылғы 6 қарашада Жаңаарқа ауданында спорт кешенінің құрылысына арналған материалдарды ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеуші А. 2024 жылғы 12 қарашада Жаңаарқа ауданының әкіміне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыным жолдаған. Бұл құжат аудан әкімінің орынбасары М. арқылы 14 қарашада ауылдық округ әкімі С.-ға орындау үшін жіберілген. Алайда әкім ұсынымға бір ай ішінде жауап бермеген.

Сот отырысында С. кінәсін мойындап, құжатты уақытылы алғанын, бірақ ауылда жарық жиі өшуіне байланысты ұсынымды назардан тыс қалдырғанын және белгіленген мерзімде жауап бермегенін айтты", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот оны кінәлі деп танып, 27 524 теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама