ҰБТ-2014 тапсырмасында қате сауалдар болған жоқ - ҚР БҒМ

Қали Әбдиев. ©youtube.com

2014 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде қате сауалдар болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы баспасөз мәжілісінде "Ұлттық тестілеу орталығының" директоры Қали Әбдиев мәлім етті. 

Оның айтуынша, тест тапсырмасына байланысты 350 шағым түскен, оның ішінде 51 арыз қанағаттандырылды. Әбдиев бұлар техникалық қателіктен болғанын мәлімдеді. "Қате сауалдар болған жоқ", - деді ол. 

Төрт күннің ішінде 76 948 жас түлек ҰБТ тапсырған, ережені бірнеше рет бұзғаны үшін 26 сынақ тапсырушы ҰБТ-дан шығарылған. Оқушылардан 37 773 рұқсат берілмеген заттар тәркіленген. Қазір орташа балл 76,8-ді құрады. 17 811 жас түлек шекті балл жинай алмаған. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Қазақстанда ҰБТ 2 маусымда басталды, оған 92 мыңнан аса мектеп бітіруші қатысады деп күтілуде. Алғашқы екі күнде Алматының екі түлегі ең жоғары балл жинады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама