31 тамыз 2020 09:33

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын көшіруге көмектескен

Видеодан алынған кадр

ҰБТ-да кезекші мұғалім талапкерге тест сұрақтарын суретке түсіруге көмектескен. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында оқиғаның видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өкінішке орай, тәртіпті қамтамасыз ететін кезекшінің өзі қылмыстық әрекетке байланысы бар екені туралы фактілер анықталды. Қараңыздаршы, қандай "батырлықпен" сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жауып тұрғанын.

Кем дегенде оның білім беру саласынан жұмыстан босатылуын, ал одан бетер шара ретінде қатал жауапкершілікке тартылуын талап ететін боламыз", - деп жазған ол.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ҰБТ бейнежазбаларының қорытындысы бойынша, 158 тестіленушінің нәтижесі жойылған. Олардың 97-сі грант иегері атанған болатын, соның ішінде 138 балл алған түлек те бар екен.

Дидар Смағұловтың хабарлауынша, соған орай, әділ тапсырған, бірақ грантқа өтпеген 97 бала 2 апта ішінде грант иегерлері атанып, тіркеледі.

Толығырақ ҰТО парақшасында жарияланады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram