ПОДЕЛИТЬСЯ
07 шілде 2021 | 15:14
ҰБТ-дағы бейнежазба қандай жағдайда қайта тексеріледі? Министр жауабы
Егер талапкер ҰБТ-дан күтпеген жағдайда жоғары балл жинаса, тестілеу кезіндегі бейнежазба қайта тексеріледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Егер талапкер ҰБТ-дан күтпеген жағдайда жоғары балл жинаса, тестілеу кезіндегі бейнежазба қайта тексеріледі. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аппараттық кеңесте министр бейнежазбаларды талдау тамызға дейін жалғасатынын айтты.
"Бізде ҰБТ нәтижелері бар. Бірінші дайындық кезіндегі нәтижесімен салыстырғанда көрсеткіші 20-30 балға өзгерген талапкерлер тексеріледі", - деді министр.
Оның айтуынша, ҰБТ-ны электронды түрде тапсыру талапкерлердің көп мәселесін шешкен.
"Биылғы жылы дұрыс рәсімдемеу, парақтарды толтыру, оқу және т.б. проблема болған жоқ. Біз бұл форматтың тиімділігін көріп отырмыз, сондықтан биыл магистратура мен докторантураға түсу үшін емтихан тапсыру да электрон форматта өтуі керек. Мен тапсырма беремін", - деді Аймағамбетов.
Сондай-ақ, ол ҰБТ орталығы бөлімшелері санын қысқартқысы келетінін атап өтті.
"Мен бөлімшелерді қысқарту жөнінде ұсыныс жасағым келеді. 100-ден аса бөлімше ұстаудың мұндай қажеті жоқ. Бөлімшелерді ықшамдау үшін шешуші шаралар қажет. Біз жыл сайын 3 мыңнан аса кезекші жібердік, іссапар, қонақ үй ақысын төледік. Бұл еңбек демалысы кезінде әріптестерді жұмыстан толық алшақтатады. Биыл мұндай болған жоқ. Биылғы тәжірибені ескере отырып, емтихандарды тек электрон форматта өткіземіз", - деді Асхат Аймағамбетов.
Айта кетейік, 2021 жылы ҰБТ электрон форматта өтті. Бұл ретте талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тегін тапсыра алды. Биыл "бір тестіленуші, бір компьютер, бір камера" қағидасы бойынша бейнебақылау камералары кезекшілерді алмастырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также