20 маусым 2018 | 09:30

ҰБТ-ның көп сұрағы қиын емес. Сағадиев түлектерге кеңес берді

Еліміздің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ға қатысушыларды тыныштық сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еліміздің білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ға қатысушыларды тыныштық сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Барлығымыз тыныш, уайымдамай тапсырғанымызды қалаймын. Шын мәнінде сұрақтар қиын емес, көпшілігі. Әр жыл сайын өте көп бала ҰБТ тапсырады, бұған қуаныштымыз. Уақыттарыңыз бар, асығудың қажеті жоқ", - деді ол. 

Реклама
Реклама

"Бастысы - ҰБТ алдында ұйқыны қандыру керек. Екіншісі - тыныштанып, ден қою", - деді министр.

Қазақстанда мектеп түлектеріне Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ елімізде осымен 15-ші рет өтіп жатыр. 2017 жылдан бастап тестілеу форматы өзгергенін айта кетейік. Енді сынақ жоғары оқу орындарына түсуге емтихан әрі білім беру гранттарын алу механизмі ретінде қарастырылады.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтың айтуынша, биыл тестілеудің форматында сол күйінде қалады, тек тапсырушыларға қолайлы болуы үшін аздаған өзгеріс енгізілген. Айта кетейік, биыл тестілеу 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

"ҰБТ-ның биылғы өту тәртібі мен құрылымы өткен жылмен салыстырғанда, әзірге түбегейлі өзгеріске ұшыраған жоқ. Жуық арада Білім және ғылым министрлігі аса қатты өзгеріс енгізбейді деп үміттенеміз. Олай болмаған жағдайда, оқушылар мен ата-аналарды стресс жағдайына түсіруі мүмкін", - деген еді министр.

Айта кетейік, өткен жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде 2017 жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10 (11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3 пайыз) қазақ тілінде және 20 968 (23,6 пайыз) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Факт бойынша, 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4 пайыз құрады.

ҰБТ-ға қалай дайындалған дұрыс? 

ҰБТ: Психолог бойдағы үрейді жеңу жолын айтты


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная