24 маусым 2021 | 12:30

Учаскелік полицейлер бала отырған көлікте шылым шеккендерге айыппұл салатын болды

Камила Долаева Журналист

Қазақстандағы учаскелік полиция инспекторларына балалар отырған автомобиль салонында шылым шеккен тұрғындарға өз бетінше айыппұл салуға құзырет беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді Парламент Сенаты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандағы учаскелік полиция инспекторларына балалар отырған автомобиль салонында шылым шеккен тұрғындарға өз бетінше айыппұл салуға құзырет беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулерді Парламент Сенаты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасында құқықбұзушылықтардың төрт түрін қарау және жаза қолдану бойынша учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері кеңейтіледі:

  • кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүруі;
  • көлік құралдарында кәмелетке толмаған балалар отырған жағдайда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салу ережелерін бұзу;
  • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамның әкімшілік бақылау ережелерін немесе оған қатысты сот белгілеген шектеулерді орындамауы;
  • көлік құралдарының қозғалысына қасақана кедергі жасау.
Реклама
Реклама

Сенатор Андрей Лукин учаскелік полиция қызметкерлерінің өкілеттіктері неге дәл осы тармақтар бойынша толыққанын түсіндірді.

"Мысал ретінде көлік қозғалысына кедергі жасау бойынша 2020 жылы 23 500 адам жауапқа тартылып, әкімшілік хаттама толтырылғанын, былтыр ойын-сауық мекемелерінде мыңға жуық кәмелетке толмаған бала анықталғанын келтіре аламын. Осы жылы 400-ге жуық хаттама толтырылды. Қазір ішкі істер органы басшысының орнына бұл құзырет учаскелік полиция инспекторларына беріледі", - деді Лукин Палата отырысында.

Оның айтуынша, бұл өкілеттіктер көбіне ауылдық жерлер үшін қарастырылған.

"Біз елді мекендер, жекелеген ауылдар аудан орталығынан алыс орналасқан деп болжаймыз. Сондықтан хаттама бойынша шешім шығару үшін құқық бұзушыны орталыққа жеткізу үшін көп уақыт пен қаражат жұмсалады. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әкімшілік учаскесінің орнында қандай да бір бюрократиясыз дәлелдермен хаттама жасайды және әкімшілік жауапқа тарту жөнінде шешім шығарады", - деді ол.

Қолданыстағы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, Қазақстанда темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрон тұтыну жүйелерін көлікте кәмелетке толмаған балалар отырған кезде қолдануға тыйым салынады. Ол үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная