15 шілде 2020 16:46

Уханнан студенттерді тасымалдаған қазақстандық ұшқыш пневмониядан қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Болат Серікбаев пневмониядан қайтыс болды. Ол Уханнан қазақстандық студенттер мен гуманитарлық көмекті тасымалдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның еңбек сіңірген ұшқышы Болат Серікбаев пневмониядан қайтыс болды. Ол Уханнан қазақстандық студенттер мен гуманитарлық көмекті тасымалдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болат Серікбаевтың отбасында төрт ұшқыш бар, барлығы ұшақ командирі болған.

Реклама
Реклама

"Біз 12 бала болдық, алты қыз және алты бала. Ол оныншы бала. Барлық бала өскен соң ең үлкен ағасы азаматтық авиацияға барып, ұшқыш болды, содан кейін мен ұшқыш болдым, қазір мен азаматтық авиация комитетінің ұшуды пайдалану басқармасының бастығы болып жұмыс істеймін. Содан кейін тағы бір ағасы мен Болат біздің жолымызбен жүрді", - дейді марқұмның ағасы Дәулет Серікбаев.

Ұшқыш соңғы уақыттары SCAT компаниясында жұмыс істеді. Boeing 757-767 экипажының командирі болды. Ағасының айтуынша, ұшқыш қазақстандық студенттерді Уханнан алып келген. Ол отандастарды үйіне әкелу үшін ауру жұқтыру деңгейі жоғары елдерге барған. Ал шекаралар жабылған кезде гуманитарлық көмек тасымалдаған.

SCAT әуекомпаниясының өкілдері марқұмды өз ісінің маманы болғанын айтады.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram