12 шілде 2024 | 09:11

ҰҚК 4 өңірде арнайы операция жүргізіп, діни радикалдар ұсталды

видео кадры

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде арнайы операция жүргізіп, діни радикалдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіна сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірнеше өңірде арнайы операция жүргізіп, діни радикалдар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіна сілтеме жасап.

Шілдеде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша іс-шара өткізді.

Реклама
Реклама

"Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды", - делінген хабарламада.

Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынғаны айтылды.

"Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын. Тағы екеуіне қатысты "ауыр" есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр".

Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная