12 қараша 2024 | 11:37

ҰҚК Алматы мен Алматы облысында адамдарды ұстады

Фото. ҰҚК

ҰҚК Алматы мен Алматы облысында адамдар ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҰҚК Алматы мен Алматы облысында адамдар ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 7 қарашада ҰҚК Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен полиция органдарының қатысуымен Алматы, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандықты ұстады.

"Бұдан бөлек, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқандығы белгілері бойынша 17 адамға "шығуға болмайтындығы туралы қол қою" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Аталған адамдардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін соттылы болған, ал тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескертулер берілген.

Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная