ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2024 | 16:02
ҰҚК Алматы мен тағы екі облыста ұстау операциясын жүргізді: видео
Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) экстремистік ұйымды ұйымдастырды және оның әрекетіне қатысты деген күдікпен Қазақстанның төрт азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматыда және Алматы мен Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстаған.
"Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешіліп жатыр".
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также