ҰҚК арнайы операциясы: халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК

Қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазанда есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірқатар операцияларды іске асырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синтетикалық есірткінің 5 қолдан жасалған өндірісінің және 1 каннабис өсіруге арналған фитолабораторияның заңсыз қызметі бейтараптандырылды.

Реклама
Реклама

"Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткі трафигінің 6 арнасы жойылды.

Аталған арнайы операциялар барысында 23 күдікті ұсталды", -делінген хабарламада.

Заңсыз айналымнан 300 келіге жуық есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ "синтетика" жасауға арналған 1 тоннадан астам химиялық прекурсорлар тәркіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама