04 сәуір 2017 19:57

ҰҚК Астраханда полицейлерді өлтіргендер арасында қазақстандықтар бар деген ақпаратты тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астрахандағы ресейлік полицейлердің өліміне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астрахандағы ресейлік полицейлердің өліміне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қылмысқа күдікті Ресейдің сегіз азаматы іздеуге жарияланды, олардың екеуі Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Олардың туған жері анықталып жатыр. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының жедел есебі бойынша күдікті ретінде тіркеуде жоқ", - делінген таратылған хабарламада. 

ҰҚК мен ІІМ қылмысқа күдіктілерді іздеу мақсатында ресейлік әріптестерімен байланыс орнатқаны хабарланды. "Шекарадан өту пунктерінде бақылау күшейтілді. Бұл дерек бойынша өзге де қажетті шаралар қолға алынды", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети