16 шілде 2020 | 15:02

ҰҚК басшысы тыңшылық әрекеттер туралы айтты

Фото:vk.com/plus362kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов тыңшылық әрекеттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов тыңшылық әрекеттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК басшысы "На защите национальных интересов" мақаласында Қазақстан географиялық жағдайына, айтарлықтай табиғи ресурстар мен кең аумаққа ие болғанына байланысты әлемдік державалардың назарында екенін атап өтті. "Бұл жағдай шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға деген ұмтылысының бағыты мен мазмұнын анықтайды".

Реклама
Реклама

Мәсімовтің айтуынша, шетелдік арнайы қызметтердің қызметі көбіне саяси, экономикалық және қорғаныс сипатындағы құпия ақпаратты алуға, сондай-ақ олар өз мемлекеттерінің пайдасына саяси шешімдер қабылдай алатын агенттер платформасын құруға бағытталған. Бұл контрбарлау режимін үнемі жетілдіруді қажет етеді, дейді ол.

"Жұмыстың бұл бағытында қызметкерлеріміздің кәсібилігі, азаматтардың патриотизмі, құпия ақпаратқа қол жеткізе алатын қызметкерлердің құқықтық санасын қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді, түрлі псевдо-қоғамдық қозғалыстарды қолдана отырып, ішкі саяси жағдайды бұзу әрекеттері тіркелді. Қарсыластарымыз қазіргі үкіметтің қауіпсіздік шегін бағалап, әлеуметтік-экономикалық, ұлтаралық және діни салалардағы осал тұстарды іздейді. Бірақ терең құпиялық пен заманауи ақпараттық әзірлемелер оларға назардан тыс қалуға көмектеспейді", - деп жазды Мәсімов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная