ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2024 | 12:34
ҰҚК басшысы үдеп бара жатқан қауіптер туралы мәлімдеді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстанда және әлемде үдеп бара жатқан қауіптер туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Ермек Сағымбаев Қазақстанда және әлемде үдеп бара жатқан қауіптер туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Ермек Сағымбаев Астанада өткен ТМД қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтер басшылары кеңесінің 55-отырысында сөз сөйлеп, әлемдегі соңғы оқиғалардың елдегі жедел жағдайға әсері туралы мәлімдеді.
"Биылғы мамырда Бішкекте өткен соңғы кездесуімізден бері салыстырмалы түрде талай уақыт өтті. Алайда, осы кезеңде ТМД-да және жалпы әлемде еліміздегі жедел жағдайға айтарлықтай әсер ететін оқиғалар болды. Алдыңғы қатарда халықаралық терроризмге қарсы белсенді іс-қимылмен байланысты міндеттер кешені тұр", - деді Ермек Сағымбаев.
Сондай-ақ, ол ДАИШ "Вилаят Хорасан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым - еск.) туралы айта өтті, ол ТМД мемлекеттеріне әлі де жоғары қауіп төндіреді.
"Соңғы кездегі лаңкестік әрекеттер бұл топтың өз әлеуетін арттырып, халықаралық назарын сақтап қалмақ екенін көрсетеді. Сонымен қатар, трансшекаралық қылмыс, заңсыз көші-қон және қару-жарақ контрабандасының қауіп-қатері, әсіресе есірткінің таралуы - "синтетика" деп аталатын нәрсе мұқият назарымызды талап етеді", - деп қосты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы.
Оның айтуынша, сан алуан сын-қатерлердің артуы Қауіпсіздік органдары басшылары кеңесінен ынтымақтастықты нығайтуды талап етеді.
"Достастық елдерінің барлау қызметтерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және түрлі сын-қатерлерге қарсы тұру саласында үлкен тәжірибесі бар", - деді Сағымбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также