ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2022 | 11:31
ҰҚК басшысының орынбасары Самат Әбішке қатысты сұраққа жауап берді
ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында. Бұл туралы ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Амерханов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Самат Әбіш те тергеу орбитасында. Ол куәлік береді, оның мәртебесін білмеймін. Ол Қазақстанда. Мен оны өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу жүріп жатыр, ол осында болуы тиіс", - деді Амерханов.
Ол тергеу жалғасып жатқанын және оның анық-қанығы жарияланбайтынын айтты.
"Білесіздер, (қазір тергеуде - еск.) бұрынғы төраға, оның үш орынбасары және тағы төрт аумақтық департамент басшысы - Қызылорда және Алматы обылыстары, Алматы бойынша және төртіншісі - бесінші департаменттің бұрынғы басшысы", - деп түсіндірді Амерханов.
Оның айтуынша, басшыларға қатысты тергеу ҰҚК-ның бұрынғы басшысы мен оның орынбасарларына қатысты баптар, сонымен қатар "Әрекетсіздік" және "Немқұрайлылық" баптары бойынша жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также