ҰҚК Жамбыл облысында басқарма басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады

ҰҚК Жамбыл облысында басқарма басшысына қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады Еркін Келесов. Фото:gov.kz

Желіде Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Бұған дейін БАҚ-та Келесовтің жұмыс орнында ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған. Редакция пікір алу үшін Жамбыл облысы әкімдігіне жүгінгенімен, өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі сауалымызды жауапсыз қалдырды.

Жарнама
Жарнама

ҰҚК не дейді?

Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті шенеунікке қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

"Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады ведомство.

Десе де ҰҚК тағылған айыптың нақты мән-жайы мен тергеу Қылмыстық кодекстің қай бабы бойынша жүргізіліп жатқанын ашып айтпады.

Еркін Келесов туралы не белгілі?

Еркін Келесов 2022 жылдың маусымынан бастап Жамбыл облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарып келеді.

Ол 1964 жылы Таразда туған. Жоғары білімді М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде "бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша алған.

Келесов еңбек жолын 1993 жылы салық қызметінде инспектор болып бастаған. Оның барлық дерлік жұмыс өтілі Жамбыл облысының мемлекеттік секторымен байланысты:

  • әр жылдары салық комитеті мен мемлекеттік кірістер департаменті құрылымдарында басшылық лауазымдарды атқарды;
  • Тараз салық басқармасын басқарды;
  • Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарды.

Облыстық әлеуметтік қорғау басқармасына ауысқанға дейін Келесов алты жыл бойы, яғни 2016-2022 жылдар аралығында Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама