ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 шілде 2025 16:43
ҰҚК жаңа қызмет туралы мәлімдеме жасады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жаңа ведомствоға қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды. Жаңа ведомство - "ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі".
"Осыған байланысты Комитетпен бірқатар ұйымдастырушылық, басқарушылық және практикалық іс-шаралары жүзеге асырылып жатыр. Құқықтар мен міндеттемелердің құқықтық мирасқорлығы рәсімдері аяқталғанға дейін қайта ұйымдастырылған ведомство бұрынғы режимде жұмыс істейтін болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу