02 сәуір 2022 12:37

ҰҚК Каспий теңізіндегі бақылауды күшейтеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: ҰҚК

ҰҚК Каспий теңізіндегі бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Каспий теңізіндегі бақылауды күшейтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК Шекара қызметі Ішкі істер министрлігі және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, Каспий теңізі акваториясында браконьерлік іс-әрекетке тосқауыл қоюға және Қазақстан аумағында биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар кешенін бастады.

"ҰҚК Шекара қызметі іс-шараларды өткізу кезеңінде Каспий теңізінің қазақстандық секторында белгіленген режимнің сақталуына бақылау күшейтілетінін хабарлайды. Мемлекеттің табиғи байлығын талан-таражға салуға қатысты заңсыз әрекеттерді анықтау мақсатында бірқатар бірлескен рейд өткізу жоспарланған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram